"Дəулет есіктен, тəлім бесіктен кіреді" - депті бір кісі! Расында да, бесікте берілген тəрбие адамның қанша жасасада мəңгі есінде сақ жүретінін талай ғалым кісілер бізге баян еткен. Өйткені бала сенің айтқан сөзіңді тыңдамауы мүмкін, бірақ істеген іс-амалдарың оның көз алдында! Қашанда біз үлкендерімізден: "Менің əкем былай деген...", немесе "Менің шешем былай істеген..." - деген секілді əңгімелерді жиі естиміз. Яғни: адам баласы жастайынан қандай тəрбие көрсе сол тəрбиені өзі бейсаналық түрде жадына сақтап алады, мейлі ол жақсы болсын немесе жаман болсын. Сол себепті біз, қазіргі өскелең ұрпақтың тəрбиешісі екенімізді естен қалт қалдырмауымыз лəзім. Біз бүтіндей бір ұрпақтың жол сілтер бағдаршамы іспеттіміз. Егерде мойнымызға түскен жүкті өз деңгейіндей сезініп, аманатымызды ақ ниетпен, адал орындайтын болсақ, яғни жақсы тəлім тəрбие берсек, ізбасар іні-қарындастарымызбен, ұрпақ жалғастырар мұрагерлеріміздің дұрыс жолда болып, тура жүруіне себепкер боларымыз анық. Қорыта келгенде өзімізді өзіміз түземей сырттан түзететін күшті күту автобус аялдамасында ұшақ күткенмен тең! Осы тұрғыда Алла тағаланың: "Расында бір қауым өзін өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді" - деген Құран Кəрім кітабындағы аяты мүлт кетпеу керек! Өз ойым...