Қыздардың сезімімен ойнамадым,
Оларды осал деп те ойламадым,
Бойынан алуан қасиет табылады,
Жақпай қойдым, олармен ойнамадым.
Көңіл түсіп танысқым келсе дағы,
Түсінбей қалама деп қорқам әлі,
Қасына барып алып ойланасың,
Қаражат қор қалтада аз болғансоң.
Жолың түсіп танысып жатсаң дағы,
Қаражат қысып жатса қалтаң дағы,
Ыңғайсыздық ұялап мазалайды,
Тағдыр өстіп бойдақтықпен жазалайды,
Мен бірақ жалқау жігіт емеспін ғой,
Қаражатты қыздарға бермеспін ғой,
Көнілін ауласаң да жақпайсың ғой,
Махаббатты іздесен таппайсын ғой,
Еңбек сүйгіш қыз болса еңбектенер,
Менде оны жарқыратып қояр едім,
Талаптары бітпейтін жалқаусыздар,
Бойдақтарды соратың сүліксіздер,
Қаптап жүрғой қоғамда жүрексіздер,
Талап етпей лайықты болу керек,
Екі жақты байыппен шолу керек,
Қыздарымыз иманды қой мінезді,
Қазақтың келіндері болу керек,
Бай қыз деп жарлысын алмау керек,
Кедей деп төмендете салмау керек,
Арымен ұятына мықты қыздан,
Қалт жіберіп, қапыда қалмау керек,
Қыз баланың сезіміне қиянат қып,
Қызды қорлап зинаға бармау керек,
Некеменен араны жалғау керек,
Қателескен қыздардың көзін ашып,
Көкірегіне үміт отын жалғау керек,
Артық кетсем айыпқа бұйырмандар,
Бойдақтар жүре бермей қимылдандар!