Ойлайтын едім... Бұл жалғанда, яғни біздің заманда, Құдайға сенбейтін адамдар қалмаған шығар деп. Мейлі ол Алла болсын, Будда болсын, Иса болсын... құдайды жоққа шығаратын жан қалмаған шығар деп. Ең құрығанда қазіргі заман жастарының арасында құдайсыздар жоқ шығар деген пікір менде басым болатын... Атеизмнен түбегейлі арылған шығармыз деген тұжырымда едім, сол баяғы СССР шақтарында қалдырдық қой деп... Алайда, өкінішке орай олай емес сияқты, қазіргі біз өмір сүріп жатқан сұрапыл мына жалғанда атеисттер (құдайды жоққа шығаратындар) бар екендігіне жақында көзім жетті. Уа халайық, қарасаңыздаршы жанжақтарыңызға. Бізден 1400 жылдан аса алда дамып келе жатқан Құран кәрімге бір мойын бұрып, сөздерінің мәндеріне көңіл бөліп қарасаңыздаршы. Дүние жүзі мойындаған небір ғалым, ғұлама, көздері ашық, көкіректері ояу адамдардан көп білеміз деп ойлайсыздар ма? Сол ғалымдардың көбісі дерлік исламды мойындап, мұсылман болған емес пе?! Пайғамбарымыздай оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын көркем мінезді, жомарт, батыр, жетім көрсе жебеп жүретін, адамдармен ара-қатынастың қандай болу керек екенін көрсете алған бір адам атап бере аласыздар ма? Міне сондай адамның бұл өмірге жалған нәрсе әкелуі мүмкін бе? Ей халайық, уа қазағым, ата-бабамыз соғыссыз кірген деннен біз өзіміз бас тартпайық. Біздің осындай халық болып отырғанымызға себепкер болған ата-бабаларымыздың қателесуі мүмкін емес екендігі ойландыратын жәйт емес пе?! "Басқа дінге көбейсе өтушілер Сол болар тамырыңды қиған пышақ" - дегендей, басқа дінге кірді деп өкініп жүргенде арамыздан атеисттердің шыққандығына қатты өкінемін. Қазағымның: "бата мен ел көгерер, жаңбыр мен жер көгерер" деген сияқты көптеген ұлағатты сөздерінің өзінен-ақ осыншама 550 жыл бойы қазағым кәріден бата алып, құдайдан дұға ету арқылы көркейгендігі айдан анық емес пе?! "Қысылғанда дұға еттім, дұғамды қабыл етпеді сол себепті құдайдың бар екендігіне күмәнім бар" дейді кейбір кісілер, құдай сақтасын. Алла тағала "Мен сендерді малдан, жаннан сынаймын" демеп па еді. Сол бір сынаққа төзе алмағанымыз иманымзыдың әлсіздігі ғой. Бұл өмірде барлық нәрсені жұп-жұппен жаратқан Алланың ғана сыңары мен теңдесі жоқ. ОЯН ҚАЗАҚ!!! ОЙЛАН ҚАЗАҚ!!!

Теги других блогов: атеизм мұсылман Құран