Кейбір кездерде болмашы бір нәрселерді ойлап ойға шолып кететінім бар..., артынан... осы мен ойлаған нәрсенің маған қандай пайда беретінін ойлап одан да қатты ойға үңіліп кетемін, не пайда? қандай мақсатпен ойладым? нендей ғибрат ала аламын мен бұл ойлардан? - деген сияқты ойлар кезек-кезегімен мазалай бастайды.
Ой, ақыл, көрегендік, ұшқыройлық... қарап тұрсаң ешқандай да бір айырмашылығы жоқ нәрселер сияқты, алайда, кім көрінгенге беріле бермейтін Алланың бір сыйы ғой бұл... Осы бір Алланың берген нығметтерін біз қалай қолданып жүрміз? Аллаға шүкіршілік айтып жүрміз ба? Жоқ әлде осы берген нығметтерін қолданып күпіршілік қылып жүрміз ба?
Әәәй адам баласы... Адам деп аталуыңның өзі бір ғибрат аларлық нәрсе ғой ой жүгірткен адамға...
Иә... адам арасында жүрміз ғой. Жақында жастары келіп қалған екі қариямен әңгімелесіп қалғаным бар еді. Өмірдің әр қилы шақтарын, жақсылықты, жамандықты талқыға салып отырды ол екі кісі (өзім сол үйге қонақ болып барып едім). Елімізде болып жатқан табиғат апаттары, құбылыстары, болып жатқан қолайсыз жағдайлар мен жақында өткен сайлауға да кіріп кетті. Екеуі біраз әңгімелесті да, уақыт өте келе үнсіздік орнап қалды... Сосын жайлап әңгімені мен жалғастыруға тырыстым, сол үйдің қожайыны болған кісі менің әкемді жақсы танушы еді, әкем Құдайға шүкір бір ауылдың имамы маған "сол шаһарда болып жатсаң атаңның үйіне кіре жүр" деп айтатын. Өзім аз-маз дін оқитынмын, атадан:
- Ата мешітке барып жүрсіз ба? - деп сұрадым.
Оны естіп отырған жұбайы атаны сөйлетер-сөйлетпес:
- Қайдағы, мешіт дегенді қойған атаң - деді. Сосын атам:
- Таң намазына тұру қиын, барайын десем сиректеп барады, оның үстіне кунде суық болды - деп жауап қатты. Бұл әңгімені естіп тұрған екінші атамыз:
- Біздің орнымызға кемпір шалдарымыз оқып кеткен! - деді. Мен:
- Аааа, солай ма ата? - дедім (Сөзін соңына дейін айтып алсыншы деп). Сосын атамыз:
- Солай қарағым, кезінде біздің ата-аналарымыз 25-30 шақырымдай жердегі мешітке жаяу баратын, бес уақыт намазы бүтін, жұмадан қалмайтын тақуалыққа жақын кісілер еді ғой - деді, көкірегін керіңкіреп. Үй қожайыны да:
- Ия, ол кісілер имандарына бекем еді ғой... - деді ойға малып. Мен осы кісілердің жүректерін жақын болатындай, ренжітіп алмайтындай, "мына боқмұрын не деп тұр ей" деген ой келмейтін қылып қалай айтсам болады деп ойланып тұрдым да, былай айттым:
- Ия ата, ол кісілердің жағдайы бір Аллаға мәлім, бірақ құран да айтпайды ма "кімде-кім шаңның тозаңындай жақсылық істесе сол жақсылығын көреді, ал кімде-кім шаңның тозаңындай жамандық істесе сол жамандығын көреді" деп, сол сияқты ол кісілердің істеген жақсылығы өзіне ал сіздің өз амалыңыз өзіңізде болмайды ма?! Және кейбір кісілер шағымданып жатады "балам тілімді алмайды, намаз оқымайды, бұзықтық көп істейді..." деп, бұған келер болсақ қазақтың көреген сөзі бар емес па "ұяда не көрсең ұшқан соны ілесің" деген. Ал қазіргі еліміздің жағдайына келетін болсақ, жақсы өмір сүргің келсе тер төгіп жұмыс істеуің керек, сол себепті жас отбасылар балаларын ата-әжелеріне беріп өздері жұмысқа кіірісіп кеткен. Ал сол жас өспірімдердің көріп отырғандары өздеріңіз емес пе?! Сіздер намаз оқып, ораза ұстап, үлгі болсаңыздар болашақ ұрпақтарыңыз шалыс баспас - деп аздап ойымды ортаға тастап қойдым. Сөйтіп тұрғанда қайтадан тыныштық орнап қалды, атамыз немересін мектептен алып қонаққа келген болатын, жайлап немересін алып:
- Біз үшін апаңда оқыды ғой - деп өз ойында қалғандығын білдіріп кетті.
Шетте әңгіменің барысын тыңдап тұрған апам менің атаны көзбен шығарып салып тұрғанымды көрді да:
- Қайтесің, совет уақытында өмір сүріп қалған адамдар ғой - деді. Үй қожайыны үндемей отырды. Менің баратын жолым ұзақ болғандықтан оған қоса велосипедпен жүргендіктен мен жолға шығуды ұйғардым, Ата-апаммен қоштасып жатып атаға:
- Ата, артық айтып қойсам кешірерсіз - дедім. Атам маған:
- Жоқ балам бәрі дұрыс деп шығарып салған еді.
Ия... Ертең бізде қартайамыз ғой, сол кезде бізбен қатар болып жүргендер де біраз жасқа барады емес па?! Сол кезде әңгімелері қандай болар екен олардың? Өзінен кейінгі ұрпаққа қандай насихат айтар екен? Қазір денелеріне соғып жүрген "татуйровка" дейді ма соны қалай түсіндірер екен? Жағдайы... қазағымның не болар екен...???