Иә, өмірдің қиындылықтары да бар. Сол бір сынақтар келгенде шыдай алмай неше түрлі ойлар кетеді... Бірақ... Бұл сынақ қой... Алла тағала сүйген құларына сынақ жібереді деген де бар емес пе?! Бұрын сахабалардың өмірі жайсаң, тыныш болғанда "Алла мені ұмытты ма?" деген ой келеді екен деп естігенім бар еді. Ал қазір ше? Қазір басымызға кішкентай бір ауыртпашылық түссе бейне бір дүниенің соңғы адамындай сезініп қаламыз. Еееее дүние ай, қаншама адам саған алданды екен... Сенің артыңнан жүгіріп қаншалықты күнәларға барған екен... Олардың бастарына қандай қиыншылықтар келген екен... Я Алла, қандай көлемдегі сынақ берсең де сол сынағыңа төтеп беретіндей сабырлық пен күш қайрат бере гөр, лағынет атқыр шайтанның азғыруынан сақтай гөр, нәпсімнің жетегінде кетуіме жол берме Алла. Ата-анамның, ағайын, туыс, бауырларымның артқан үміттерін ақтауға өзің жар бола көр Алла. Күнаһар құлыңа өзің ғана көмектесе аласың, бізді кеш, күнаһар мына құлдарыңды кеше гөр Алла, қандай-да бір біліп те, білмей де істеген күнәларымызды өзіңнің рахымдылығыңмен ғана кеше аласың Алла... Расында,саған ғана құлшылық қыламыз, сенен ғана жәрдем тілейміз...

Теги других блогов: сабырлық Алла сынақ