Бір күні Пайғамбарымыз үйіңізге келсе ...
Барлығы Тек Алланың қалауымен, біз тек армандап көрелік...
Егер бір күні пайғамбарымыз үйіңізге бірнеше күн тұруға келіп, тұтқиыл есігіңізді қақса, не істер едіңіз? Иа, көрмесек те, сіздің Адамзаттың асылын ең жақсы безендірілген бөлмеңізге кіргізіп, ең дәмді тағамдармен силап, күллі әлемге мақтанышпен жар саларыңызды сезіп тұрмыз.
Алайда сұрағымыз басқа, Пайғамбарымыз келгенде, сыртқа шығып күтіп аларма едіңіз, әлде үйіңізге қарай асығыс-үсігіс шашылып жатқан газет-журналдардың орнына сіз өмір ашпаған Құран Кәрім мен Хадис-шарифтерді қойып қоюға жүгіресіз бе, Ең жақын деген достарыңызды Пайғамбарымызға көрсетіп, таныстыра алар ма едіңіз, сосын, тіпті, байқамай, сабырсыздығыңыздан аузыңыздан күндегі былапт сөздеріңіз шығып кетсеші?
Иааа, Ұлы адам сіздің үйде отыр, сіз бақыттысыз. Дегенмен енді сіз үйіңізде жантайып жатып, күндегі бітпейтін үндінің сериалдарын көріп, шетелдің музыкаларын тыңдай аласыз ба?
Жақсыдан шарапат. Сіз енді елден көп артықсыз. Алайда, азанда тағыда намазға тұрмай ұйқтап жата аласызба, кешегі жоспарлап отырған тойлар мен отырысыңызға Оны бастап бара алар ма едіңіз? жолдасыңызға, бала-шағаңызға күндегідей ұрсып сөйлеп, көршілер мен есігіңізді қаққан қайыршыларға қандай мәміле де болар едіңіз, үйіңізде, көшеде күндегідей еркін жүріп, күндегі қимылдарыңызды істей аласыз ба?
Пайғамбарымыз кеткенде қимастықпен жылап қаласыз ба, жоқ әлде «уфф, ақыры кетті-ау!» деп қуанасызба???
... Егер бір күні пайғамбарымыз үйіңізге бірнеше күн тұруға келіп, тұтқиыл есігіңізді қақса, Қайтер едіңіз???